Республика күні Арыста аталып өтті
25 қазан Республика күніне орай Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді.
Шара барысында Арыс аудандық әкімдігі тарапынан 2-қызметкер, аудандық полиция бөлім бастығының бұйрығымен 24 қызметкерге марапат табысталып, бөлімге келген жас мамандардан салтанатты түрде ант қабылданды.
Сонымен қатар “Республика күні” мерекесіне орай, спорттан, кіші футболдан полиция қызметкерлері арасында жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа жалпы команда қатысты.
-ші орынды Арыс АПБ-нің тергеу бөлімшесі қызметкерлері иемденді.
-ші орынды Арыс АПБ-нің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары иемденді.
-ші орынды Арыс АПБ -нің жергілікті полиция тобының кәмілетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары иемденді.
Аталған командаларға Арыс АПБ-нің бастығы, полиция подполковнигі Б.Куатов мырзаның тарапынан бағалы сыйлықтар мен грамоталар берілді. Арыс АПБ-нің жақсы жұмысымен көзге түскен қызметкерлер бөлім бастығының грамотасымен марапатталды.
Арыс АПБ-нің бастығының бұйрығымен, тәртіптік шаралары бар қызметкерлердің, тәртіптік шаралары мерзімінен бұрын алынып, тәртіртік шарасы жоқ қызметкерлерге алғыс жарияланды.
Арыс АПБ-нің басшы құрам және қызметкерлерімен, Арыс қаласында орналасқан «Тәуелсіздік монументіне” барып, ҚР-нің көк туының астында ән ұран айтылды.
Арыс АПБ-не жаңадан жұмысқа орналасқан 2 жас маман салтанатты түрде ант қабылдады. Арыс АПБ-нің ұжымына Қазақстан тәуелсіздігінің құрылуына арналған хроникалық-деректі және көркем фильмдер көрсетілді.
Арыс АПБ-нің ғимаратынының сыртына Республика күнінің жаңартылған логотипінен билбордтар ілініп безендірілді және сол билбордтың алдында, Арыс АПБ-нің ЖПҚ УПИ, ұлты орыс – Крокус Мәди өзінің құттықтау тілегін, Қазақ тілінде жолдады.