Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Учаскелік полиция инспекторлары марапатталды

Шардара аудандық полиция бөлімінде мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шарада полиция бөлімінің бастығы Ш.Әділханұлы жеке құрамды мерекемен құттықтап, жоғары көрсеткіш танытқан полицейлерге марапаттарын табыстады. Оның ішінде ҚР Ішкі істер министрі Е.Саденовтың «Грамотасымен» учаскелік полиция инспекторы О.Аманов мадақталды. Ал Полиция департаменті бастығының Грамотасымен полиция майоры А.Усербаев, полиция капитаны Р.Мырзабаев марапатталды.

Сонымен қатар Шардара ауданы әкімдігінің «Алғыс хаты» ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар тәртіп сақшыларына үлестірілді. Оған қоса Ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Жиналғандар мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Шахтаға алтын іздеуге ұрланып түскен 17 адам тірідей көміле жаздады

admin

Мақтаарал: аудан басшысы Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді

admin

Полицейлер көлігінде 2 бірдей тапанша мен оқ-дәрі сақтаған тұрғынды анықтады

admin