Полиция мерекеде сап түзеп, марапатқа ие болды
Мереке қарсаңында Сайрам аудандық Полиция басқармасының жеке құрамы сап түзеді. Іс-шара басында полиция қызметкерлері еліміздің Әнұранын жанды дауыста орындады.
Сондай-ақ өмірден өткен ардагерлер мен ішкі істер саласында қызмет еткен әріптестерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Оған қоса полиция саласына қызметке келген жас мамандардың ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімі Арман Сәбитов, аудандық маслихат төрағасы Шамхат Халмурадов, аудан прокуроры Даулет Тлемисов және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Аудан әкімі жиналғандарды Ұлттық мерекемен құттықтап, құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмысының маңызды екенін атап өтіп, антына адал болып, жоғары көрсеткіштерімен көзге түскен тәртіп сақшыларын «Алғыс хатпен» марапаттады.
Бұдан бөлек Полиция басқармасының бастығы Мұрат Ермеков пен ауданның құрметті азаматтары өздерінің жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың баянды болуы жолында өлшеусіз үлес қосып келе жатқан қызметкерлерге мерекелік марапаттар табысталды.
Салтанатты жиын соңы сарбаздар мен көліктердің сап түзеп, қызметке бағытталған рәсімімен жалғасын тапты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі