Шардара ауданында «БОРЫШКЕР» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде
2024 жылдың қазан айының 21-25 күндері аралығында, «БОРЫШКЕР» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде
Жергілікті сот орындаушылары мен Шардара аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірігіп, рейдтік шара ұйымдастырды. Сот орындаушылар темір тұлпар тізгіндеушілерді арнайы қаулымен таныстырып, қарызын ерікті немесе мәжбүрлі түрде өндіру мәселесін қарастырды. Берешегін өтмеген және өтеуден жалтарып, жүрген тұлғалардың көлігі айыптұраққа жабылды.
Аудан тұрғындарына, өздеріне салынған айыппұлды уақытында, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тәулік ішінде % жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар екенін, төлемеген жағдайда айыппұл %-ға (2 есеге) көбейтілетінін ескертеміз. Сонымен қатар айыппұл салынған күннен бастап күн ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында, Сот орындаушыға жолданатынын, ары қарай борышкерлерге заңды түрде шектеулер қойылатындығы туралы ескертеміз.
Айыппұлдар бойынша қосымша ақпараттарды Шардара полициясынан біле аласыздар.
Шардара аудандық полиция бөлімі!