22.10.2024 жылы Келес аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің Ювеналдық полиция тобының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы полиция майоры Есенкулова Эльмира Қанатқызы Келес АПБ-де жеке қабылдау ұйымдастырып, Келес ауданы аумағында, бүгінгі күнде отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматшалармен қабылдау жүргізіп, құқықтық, психологиялық көмектер көрсетіп, ары қарай тиісті деңгейде психологиялық көмек көрсетілуі үшін келген азаматтар мен азаматшаларды «Отбасын қолдау» орталықтарына жолдады. Сондай-ақ, қабылдауында болған азаматтар мен азаматшаларға жаңа заңның талаптарын түсіндіріп, ескерту жұмыстарын жүргізді.
