Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция Түркістан қаласындағы кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша күдіктіні ұстады

Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, кісі өлтіруге оқталу дерегіне қатысты күдікті жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам бұл әрекетін мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, күдікті тұрмыстық жанжал кезінде өзінің бұрынғы жездесіне пышақ сұғып, қашып кеткен. Оны іздеуге Түркістан полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

«Иіскегім келеді». Айнұр Тұрсынбаева боқтың иісін ұнататынын айтты

admin

Қазақстандағы барлық мектепте кәсіби бағдар беру педагогтары жұмыс істейді

admin

Биыл 53 жаста кімдердің зейнетке шығатыны белгілі болды

admin