“Иіскегім келеді”. Айнұр Тұрсынбаева боқтың иісін ұнататынын айтты

Айтыскер ақын, танымал блогер Айнұр Тұрсынбаева тағы бір қырымен танылды. Ол тек қана әдемі сөйлеудің емес, қарын тазалаудың да шебері екен.

Ақын ішек-қарын тазалаудан жарыс болса, жеңіске сөзсіз жетеріне сенімді, деп хабарлайды Экспресс К.

Қойдың ішек-қарнын тазартып отырған видеосын Айнұр өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол бұл іске жастайынан машықтанғанын, қарын тазалаудың бірнеше түрін меңгергенін айтады.

“Сіздер мені айтыстан 33 көлік мінген чемпион деп білесіздер ғой, егер ішек-қарын тазалаудан жарыс болса 100 көлік ұтатын едім. Қарынды аппақ қылып тазалаудың бірнеше түрін білетінмін. Сонда 10-11 жаста екенмін ғой ойлап отырсам. Тіпті тәтем 2-3 қойдың ішек-қарнын маған әкеліп тастап, алаңсыз жұмыстарымен кете беретін. Рахаттанып тұрып тазалап, тіпті қуырдақ қуырып қоятын едім. Мен әлі күнге дейін ішек-қарынның иісін жақсы көремін. Қайта-қайта иіскегім келеді”, — деді Тұрсынбаева.

Айнұрдың бұл әрекетіне ырза болып, желіде түрлі пікір қалдырғандар көп.

“Ішек-қарын тазалаған жақсы-ау. Бірақ суды анандай қылып ысырап етуге болмайды”, “Ана малды айтам армансыз кеткен шыгар. Сама Айнур Турсынбаева ишектерин тазалап жатыр”, “Айнұр әпке, сізді ішек-қарын тазалайды деп мүлде ойламаппын”, “Қарын тазалап отырып, қызыма бір жағын ұста десем, 9 жас қызым ұшынып, жақындағысы келмей, кейін маска тағып отырды ғой”, — деп жазды желі қолданушылары.

ТегтерАйнұр

ПІКІР ЖАЗУ