Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

“Буллинг және кибербуллинг “ атты кездесу.

Жастар мен жасөспірімдер арасында буллингтің, аутодеструктивтік мінез-құлық, өз-өзіне қол жұмсау алдын алу мақсатында Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы, Еңбекші ауылдық округі Абай атындағы ЖББМ -нің жоғарғы сынып оқушыларымен “Буллинг және кибербуллинг” атты кездесу өтті.

Мақсаты: Коғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардығ алдын-алу.

Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы

жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара

сыйластық қарым-қатынасын орнату. Семинар тренинг барысында оқушыларға

бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар берілді.

Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды.

Буллингпен қоса жүретін Кибербуллинг (электрондық кемістікте қудалау, онлайн қатыгездік) — бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға карсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жағыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі құдалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі.

Сәйкес жаңалықтар

Арыс: теңге күні мерекеленіп, қаржыгерлер марапатталды

admin

Ағымдағы жылдың 8-ай қорытындысымен ауданымызға 7млрд.300 млн.теңге инвестиция тартылған

admin

Соңғы жылдары медицина қызметкерлеріне шабуыл 70-ке дейін көбейген

admin