Арыс: теңге күні мерекеленіп, қаржыгерлер марапатталды

15 қараша –  Ұлттық валюта күні. Мемлекеттігіміздің мәртебесі тағы бір дәлелденіп, абыройымыздың асқақтай түскеніне биыл 30 жыл. Бұл күн қаржыгерлердің де төл мерекесі екенін айта кету керек. Осынау күнді қаламыздың қаржыгерлері салтанатты түрде атап өтті.

Жиында қала әкімі Гүлжан Құрманбекова сөз алып, қаржы тайқазанының тұрақты дамуына зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлерін құттықтады.

«1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді. Тәуелсіз еліміздің міндетті нышандарының бірі ретінде ұлттық валютаны енгізу қоғам өмірінде елеулі оқиға болғаны сөзсіз.  Қазіргі таңда қаламыздың қаржы саласы қарқынды дамып, жыл сайын қала бюджеті молайып келеді. Қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен және Ұлттық валюта – теңге күні мерекесімен құттықтай отырып, мол жауапкершілікті талап ететін, қиын да абыройлы қызметеріңізге табыс, өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін» – деді шаһар басшысы.

Бұдан кейін, қаламыздың қаржы саласының дамуына үлес қосып жүрген сала үздіктері марапатталып, мерейлері үстем болды.

Шарада көрермен назарына төл теңгеміздің тарихы туралы сыр шертетін арнайы бейнеролик ұсынылды. Әрі қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

ПІКІР ЖАЗУ