«Қатты тәртіп көрсе бала күнде»
20 қыркүйек күні «Қатты тәртіп көрсе бала күнде» тақырыбында Сайрам ауданы полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция майоры Сулейменова Камила, учаскелік полиция инспекторлары Сырлыбаев Ерлан, Хайтматов Халмат, Нұрдәулет Асқарұлымен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық құқықтарымен таныстырып, ұлдарға темекінің зияндығы, зорлық-зомбылықтың алдын алу сынды тәрбиелік-құқықтық кеңестер берілді. Сулейменова Камила жастар арасында қоғамдағы негізгі құндылықтар, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу шаралары, балалар арасындағы суицид, ойын-сауық орындарына бару, қылмыс жасау (жыныстық қылмыстар, жалған терроризм, ұрлық, әлімжеттік жасау, нашақорлық, күш көрсету, бопсалау, тонау және т.б), басқа да заңсыз әрекеттердің салдары туралы профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен алмасты.