Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Атом саласы қызметкерлерінің мерекесі тойланды

Атом өнеркәсібі қызметкерлері күніне  орай іс-шара өтті.

Жиынға қаланың оқушы және студент жастары, қала тұрғындары және жоғары оқу орындарының профессор, оқытушылары қатысты. Атом өнеркәсібі бүгінде елдегі ең жоғары технологиялық ғылымды қажет ететін табысты саланың бірі десек, ел ішінде бейбіт атом туралы жағымды түсінік қалыптастыру маңызды.

-Атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің мерекелер күнтізбесіне енгізілуі атом өнеркәсібінің елдің экономикалық дамуындағы маңызды рөлін көрсетеді. Бүгінгі іс-шараның мақсаты жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Қаламыздың оқушылары түрлі ғылыми жобаларымен танылып жүр. Сол жастардың еңбектері келешек атом өнеркәсібінің бірінде көрініп жатса, ол бізге жетістік, — дейді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы.

Сонымен қатар жиында сөз алған Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессоры Халима Сартаева атом өнеркәсібі мен елімізде талқыланып жатқан атом энергетикасының пайдасы мен экономикаға қосар үлесі жайлы айтып өтті.

Жиында мектеп оқушылары ғылыми жобаларымен қатар өнерлерін де көрсетті.

Сәйкес жаңалықтар

Отырар: Ақтөбе ауылында атқарылған істер аз емес

admin

Оңтүстіктен Оралға келген елу шақты адам уәде етілген жұмысқа орналаса алмады.

admin

Success humble is good not teacher failure makes you

admin_bainews