«Жан шуақ» сыйлығына өтінім қабылданып жатыр

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жыл сайынғы «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығына өтінім қабылдауды бастады.

28 қарашада Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «АМАNАТ» партиясының қолдауымен «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен «Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сыйлығын беру рәсімі өтеді.

«Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сыйлығы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жыл сайын ұйымдастырылады.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау 7 номинация бойынша жүргізіледі.

  • «Спорт саласындағы аса үздік жетістіктері үшін»
  • «Кәсіпкерлік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін»
  • «Мүгедектігі бар адамдарға қатысты қоғамдық сананың оң өзгеруіне қосқан үлесі үшін»
  • «Рухының биіктігі мен жеңіске деген талпынысы үшін»
  • «Мәдениет саласындағы үздік жетістіктері үшін»
  • «Ғылым, білім беру қызметінің дамуына үлес қосқаны үшін, білім алуға талпынысы үшін»
  • «Өнер саласындағы үздік жетістіктері үшін».

Арнайы сыйлыққа өтінімді 18 жастан асқан I, II, III топтағы мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар адамдардан тұратын, қоғамдық-мәдени өмірге белсенді қатысатын ұжымдар бере алады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 25 қазанға дейін.

Өтінімдер zhan.shuaq@mail.ru поштасына жіберіледі немесе Астана қ., Абылай хан даңғылы, 43/1-үй мекенжайы бойынша жеке жеткізіледі.

Сұрақтар бойынша 8 (7172) 49 27 50, 8 701 555 74 07, 8700 235 62 69 телефондарына хабарласуға болады.

ПІКІР ЖАЗУ