Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас: патриотизм мен адал қызметтің иелеріне құрмет көрсетілді

Түлкібас ауданында ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшылары үшін ерекше шара ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі Асқар Естібаев арнайы қатысып, полиция қызметінің қоғамдағы рөліне тоқталды.

«Бүгін біз тек кәсіби мерекені ғана емес, бейбіт күнде ел тыныштығын күзетіп жүрген азаматтарды ұлықтап отырмыз. Полиция – жай ғана жұмыс емес, бұл – төзімділік пен ерлікке толы өмір салты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі жауапты міндет. Сіздер тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтарын қорғауда айтарлықтай үлес қосып келесіздер», – деді ол.

Салтанатты шара аясында бірқатар полиция қызметкерлеріне аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен медальдар табысталды. Сондай-ақ шендері жоғарылаған қызметкерлер де марапатталды. Осылайша қоғам тыныштығын күзетушілер бас қосқан бұл мереке патриотизм мен адал қызметтің үлгісіне айналды.

Сәйкес жаңалықтар

Сарыағаш: жастармен ашық форматта кездесу

admin

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістан облысындағы білім, мәдениет, туризм және денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі жақсарды

admin

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 17 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

admin