Кассациялық соттар құрылады

Азаматтық қоғамда сот төрелігінің жұмысын жақсарту мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Сот дауласушы тараптарды бірдей қанағаттандыратын шешім қабылдай алмайды. Бұл өз кезегінде өкпе-ренішті тудырып жатады. Бірақ бұл мәселені оңтайлы шешудің жолдары бар. Олар сот актілерінтүсіндіру, сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша шаралар қолға алынды.

Бұған қосымша халықтың сотқа деген сеніміннығайту үшін елімізде келер жылы кассациялық соттар құрылады. Кассациялық соттарды құру мәселесі сот саласының ортасында ғана емес, қоғамда талқыланып жатыр.

Осы орайда кассациялық соттың мәртебесі және маңыздылығы туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айындаотандық бизнес өкілдерімен өткен кездесуде айтып, азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың ерекшеліктерін атап өтті. Сондай-ақ әкімшілік әділет институтының қолданыс аясынбарынша кеңейтуге басымдық берілетінін, қылмыстық және азаматтық істердің небәрі 5 пайызы ғана кассацияға жолданатынын, мұның өте аз әрі азаматтардың сұранысына сәйкес келмейтінінжеткізіп, өз алдына бөлек кассациялық соттар құру мәселесі қоғам қажеттілігі туралы пікір білдіргенеді.

Кассациялық сот құрудың тиімділігі неде? Бірінші, екінші сатыдағы соттар шығарған сот шешімдерінің заңдылығын және әділдігінқадағалайтын және түзететін сот жүйесінің біртүрі. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады. Кассациялық соттың негізгі міндеті – сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз ету.

Кассациялық сот заң тәжірибесінде маңызды рөл атқарады және құқықтық жүйенің дамуынаықпал етеді. Соған сәйкес, елімізде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттырады Сондай-ақ кассациялық соттытәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескереотырып шешім шығаруға жол ашады.

Алдағы уақытта Астана қаласында құрылатын азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істербойынша үш жеке кассациялық сот толық дербесқызмет атқарады. Сонымен бірге істердің барлық санаттары бойынша арыздарды кассациялық сатыда алдын ала қарау сатысы алынып тасталуыда басты мәселе. Себебі бүгінге дейін істерді бірсудьяның қарап, алқа қарауына жіберу мәселесі соның пайымдауымен шешіліп келгені белгілі. Бұл азаматтар мен кәсіпкерлердің ренішін туындатты. Сондай-ақ, адвокаттар қауымы барлық санаттағы істерді қарауға тараптар міндетті түрде қатысуы керек, әрі істі алқалы құрам жүргізуі тиіс дегенұсыныстарын алға тартқан болатын.

Кассациялық соттардың құрылуымен Жоғарғы Соттың рөлі де өзгереді. Ұсынылып отырған жаңа тетік Жоғарғы Сот төрағасының ұсыным енгізуинститутын ауыртпалықсыз жоюға мүмкіндік береді. Өзгерістер 2025 жылдың 1 шілдесіненбастап енгізіледі деп жоспарлануда.

ПІКІР ЖАЗУ