Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, жаңа заң жобасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған екі негізгі бастаманы қамтиды:

  1. Қызметкерлердің жарналарын есептеу базасының жоғарғы шегін арттыру.
    2. Мемлекеттің МӘМС жүйесіне жарна төлеу мөлшерлемесін ұлғайту.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесіне жарналарды есептеу үшін ең жоғарғы шек қазіргі 10 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) 50 ЕТЖ-ға дейін арттырылады.

Бұл өзгерістер 508 мың адамға, яғни барлық жалдамалы жұмысшылар мен олардың жұмыс берушілерінің шамамен 9%-ына әсер етпек. Себебі қазіргі жүйеде табысы жоғары азаматтар өз табысына сай жарна төлемейді, яғни пропорционалды төлем әділетсіздігі орын алып отыр, — деді министр.

Министрлік бұл бастама МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға және азаматтарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді деп отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Түлкібас: педагог — психологтармен тәжірибелік семинар өтті

admin

ШЫМКЕНТ: Игілік тұрғын алабында инфрақұрылым жүйелері шешімін табады

admin

Шымкентте 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

admin