Түркістан облысының 4 полицейі республикалық спорт сайысынан жүлдемен оралды

ҚР ІІМ мен «Динамо» денешынықтыру спорттық қауымдастығы бірлесіп, Шымкент қаласында республикалық сайыс өткізді. Ішкі істер министрлігінің спорттық самбо күресінен XI спартакиадасына республика бойынша 20-дан астам команда қатысты. Палуандар 7 салмақ бойынша сынға түсті.

Түркістан облысы Полиция департаменті атынан спортмен тұрақты шұғылданып, түрлі сайыстарда топ жарып жүрген 7 полиция қызметкері қатысты. Олар жарыс бойы өздерінің ептіліктерін, кәсіби шеберліктерін көрсете алды.

Нәтижесінде Түркістан облысы Полиция департаменті Оқу-жаттығу взводының инспекторы Қуандық Еркеғали 88 келі салмақта І орынды иеленді. Полиция майоры Әбілдаұлы Сабыржан 98 келі салмақ бойынша шаршы алаңға шығып, ІІ орынды қанжығалады. Ал Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың нспекторы Алипов Мұхтар 71 келі салмақ бойынша сынға түсіп, ІІІ орынды иеленсе, 58 келі салмақпен күрескен полиция капитаны Мұхтар Әбдіхалықов ІІІ орынға шықты. Соның нәтижесінде Түркістан облысынан барған полицейлер командалық есепте 20 команданың ішінде ІІІ орынды алып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Өз кезегінде жеңімпаздар өздерін әрдайым бақылап, қажетті оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп, денешынықтырумен тұрақты, дұрыс жаттықтырып жүрген, тәлімгерлік еткен полиция қызметкерлері Әділет Тәңірбергенов пен Айдарбек Жәнібекке алғыстарын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ