Полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандағы білім беру ұйымдарына барып, «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқушыларымен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында полиция бастығының бірініші орынбасары Нұрлыбек Нарбаев мектеп оқушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге жалпы құқық бұзушылық алдын алу, құмар ойындар, лудомания, есірткінің алдын алу тақырыбында түсінік беріп өтті. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтіре отырып, қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлерін айтты. Сондай-ақ қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.

Сонымен қатар полиция подполковнигі Н.Нарбаев өзінің жылдар бойы жинаған тәжірибесі барысында орын алған оқиғалар мен мысалдар келтіре отырып, қылмыс жасаған жағдайда қандай себеп пен салдарға әкеліп соқтыратынын және 14 жастан бастап қылмыстық, ал 16 жастан бастап әкімшілік жауапкершілік туындайтынын ескертіп түсіндірді.

Шара соңында мектептің қауіпсіздік жағдайын тексеру мақсатында бейнебақылау камералары және турникеттері, дабыл қоңыраулары тексерілді. Ал кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ