Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері талқыланды

Шардара аудандық сотында «Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық прокуратурасының аға прокуроры Қ.Ақыпбеков, Шардара аудандық әкімдігінің заң бөлімінің өкілі Б.Айтенов, Шардара қаласы әкімдігінің өкілі Г.Құрманбек, Шардара аудандық тілдерді дамыту бөлімінің өкілі Қ.Ділдәбеков, Шардара аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасарлары-бөлім басшылары Н.Елшібаев, Н.Ашимов, аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы Н.Аширбаев, аумақтық жеке сот орындаушылар А.Кенесбаева, Н.Бакиров пен аудандық заң кеңсесінің меңгерушісі адвокат А.Айдарбеков қатысты.

Іс-шараны судья А.Сарсенбайқызы ашып, қатысушыларды аудандық соттың іс жүргізуіндегі қазақ тілінің қолданылу тәжірибесі мен сотқа келіп түсетін іс-материалдардың, талап қоюлар мен арыздардың, сот орындаушылардың ұсынымдарының қазақ тіліндегі үлестік салмағымен аудармашы мәселесі туралы ақпараттандырды.

Сондай-ақ, сот тәжірибесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен азаматтық істер, сот орындаушылардың ұсынымдары сот отырысы барысында сот ісін жүргізу тілін орыс тілінен қазақ тіліне ауыстыру жайттары орын алатынын, себебі сотта екі тараптың да қазақ тілін еркін меңгеретіні анықталғанын, заң талаптарын бұзған мемлекеттік органдарға қатысты жекеше ұйғарым қабылданғанын көрсетті.

Дөңгелек үстелде аудандық сот әкімшісінің басшысы А.Қонарбаев іс-қағаздар мен сотқа түскен іс-материалдардың статистикалық мәліметін баяндаса, полиция басқармасының өкілі Н.Ашимов қылмыстық істер қозғалғанда іс жүргізу тілі күдіктінің арызына сай анықталатынын атап, жалпы қылмыстық істер мен материалдар бойынша қазақ тілінің қолданылу үлесін, Н.Елшібаев әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамалардың мемлекеттік тілдегі жай-күйін атап өтті

Аудандық тілдерді дамыту бөлімінің өкілі ауданда кәсіби аудармашының тапшылығын көрсетіп, аудармашы ретінде орыс-қазақ тілдерін меңгерген мектеп мұғалімдерін тарту мүмкіндігін ұсынды.

Спикер А.Сарсенбайқызы 2023 жылы аудандық сотқа 808 азаматтық талап қою мен арыз түссе оның ішінде 485 ғана қазақ тілінде берілгені, 2024 жылдың 8 айында 585 талап қою мен арыздың257, яғни 50 пайыздан астамы ғана қазақ тілінде түскенін. Сот орындаушылардың 42 ұсынымының 18 орыс тілінде берілген атап, орыс тілді азаматтардың үлесі 5-8 пайызды құрайтын ауданға сот істерінде мемлекеттік тіл көрсеткішінің төмендеуі назар аударатын жағдай екенін баса айтты.

Шараға қатысушылар тақырыпқа қатысты ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Сөз соңында судья А.Сарсенбайқызы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп ҚР Конституциясымен белгіленгенін, ҚР «Тіл туралы» заңы мен процестік заңнамаларда мемлекеттiк тiл – қазақ тілінің сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі ретінде басымдыққа ие екенінескеріп, мемлекеттік, мемлекеттiк емес ұйымдардар, құқық қорғау органдары, жалпы барша азамат қазақ тілінің дамуы мен қолданылуына үлес қосуға міндетті екенін, мәселені бірлесе шешу қажет екенін атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ