Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

1,5 миллион теңгеге қойды ұрлап, сатып жіберген күдіктілер ұсталды

Сарыағаштық полицейлер жайылымнан бір отар қойды қолды еткен екі күдіктіні ұстады. Яғни, бір түн ішінде мал жайылымынан 30-дан аса қойды көлікке тиеп әкеткені белгілі болды.

Олар ұрланған қойларды 15-20 мың теңгеден сатып, ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңге.

Тәртіп сақшылары бұдан бөлек олардың дәл осындай мал ұрлығына қатысты 5 фактісін анықтады. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Полицейлер отбасында дүниеге келген қос егіз жұп бірінші сыныпқа барады

admin

Мені жазушылық еңбекке жетелеген 32-жылғы азап

admin

Қазақстан кредитті көп алатын ел ме? – әлемдік рейтинг

admin