Түлкібас ауданында «Нашақорлыққа – жол жоқ, біз жарқын өмірді таңдаймыз!» атты форум өтті
Аталған форумға аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов, полиция бастығы Бекарыс Султанов, прокурордың орынбасары Қанат Бектұрғанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Таңатбаев пен жеке құрам, студенттер мен оқушылар қатысты.
Жиында сөз алған полиция майоры Б.Талғатұлы есірткі қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының бірі екенін атап өтіп, онымен күреске бағытталған жұмыстардың барысы туралы баяндады.
Сонымен қатар «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында есірткі қылмысына қарсы атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы бейнеролик көрсетілді. Бейнебаянда жастарға есірткіге тәуелді болмау қажеттігі, оның денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймай, соңы қайғылы жағдаймен аяқталатыны көрсетілді. Форум-жастарды жан-жақты қолдап, еліміздің ертеңгі болашағы үшін дені сау ұрпақ қалыптастыруға бағытталған.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі