Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Облыстық форум келес ауданында жалғасты

Түркістан облысы Полиция департаменті ұйымдастырған «Нашақорлыққа жол жоқ!» облыстық форумы Келес ауданында жалғасты. Аталған басқосуға Келес ауданының әкімі Ж.Ағыбаев, аудан прокуроры Д.Ешенқұлов, аудандық полиция бөлімінің бастығы М.Абилханұлы және орта мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Өз кезегінде спикерлер нашақорлықтың адамзатқа тигізер зардабы жайында айта келіп, жастарды бұл індеттен аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар нашақорлықтың соңы орны толмас өкінішке апаратынын да назардан тыс қалдырмады.

Форум барысында жиналған жұртшылыққа «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты сахналық қойылым көрсетіліп, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарласы ұсынылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Үйлену тойында отырып уланған 25 адам ауруханаға жеткізілді

admin

Өзара ынымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды

admin

Түркістан облысының полициясы 30-дан астам білім мекемесінің қауіпсіздігін тексерді

admin