Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «Төлем» жүйесі арқылы салықтық төлемдер төрт есеге артты

Шымкент қаласында қоғамдық көлікке «Төлем» электронды жүйесі өткен жылдың 15 қазанынан енгізілген болатын. Бүгінгі күнге дейін 305 929 төлем картасы сатылып, 80 пайыздан астам транзакция электронды картамен жасалды. Нәтижесінде тасымалдаушылардың салықтық төлемдері өткен жылмен салыстырғанда төрт есеге артты.

Шымкентте жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы дайындалып, бекітілді. Осының негізінде қоғамдық көліктерді жаңарту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұрын «Ankai» маркалы дизель отынымен жүретін 300 автобустармен артса, бүгінде автобус паркі «Yutong» маркалы 300 жаңа, метан газымен жүретін автобуспен толыққан. Жыл соңына дейін тағы 290 автобус линияға шығады. Осылайша, қоғамдық көліктің 80 пайызы жаңарады. Бұл автобустар да газбен жүретін болады.

Жалпы қалада 16 тасымалдаушы болса, онда 1050 қоғамдық көлік тұрғындарға қызмет көрсетуде. Жолаушылар тасымалында 78 маршрут бар, оның 57- сі әлеуметтік маңызы бар маршрутқа жатады.

Сондай-ақ, қалада тұрғындарға сапалы әрі тұрақты қызмет көрсетуді жүйелендіру мақсатында автобустарды онлайн режимінде көруге арналған «I-kolik» мобильдік қосымшасы пайдалануға берілді.

Сәйкес жаңалықтар

Жамбыл: облыс әкімі денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен және ауруханалардың бас дәрігерлерімен кездесті

admin

Нипах вирусынан бір адам көз жұмды

admin

Свадебный кортеж с нарушениями ПДД выявили полицейские в Туркестанской области

admin