Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция ескертеді: айыппұл төлеуді ұмытпаңыз!

Түркістан қаласы аумағында борышкерлерді анықтау және оларға қатысты айыппұлдарды өндіру мақсатында Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Яғни тәртіп сақшылары «Автоураган» жылжымалы кешендері мен «Қорғау» жүйесіндегі деректер базасы арқылы әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің көлігін тоқтатып, төленбеген берешектерін тексеруде.

Сонымен қатар рейд кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттама толтыруда. Ал айыппұлын төлемеген жүргізушілердің көліктері айыптұраққа қойылды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге айыппұлды мобильді қосымшаларда немесе екінші деңгейдегі банктердің кассаларында төлеуге болатындығын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Әлеуметтік көмек «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде күнделікті және демалыс беріледі

admin

Қазақстанның алтын резерві рекордтық деңгейге жетті: Бұл теңгеге қалай әсер етеді?

admin

Депутаттар 4 мыңдай тұрғынның шағымын қарап, шешілуіне атсалысуда

admin