«Есірткісіз жарқын болашақ» форумы Кентау қаласында жалғасын тапты

Кентау қалалық полиция бөлімінің және прокуратурасы бірлескен бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен «Есірткісіз жарқын болашақ» тақырыбында форум өтті. Ауқымды іс-шараға қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы, қалалық сот төрағасы ЕсболЖүнісәліұлы, прокурор Назарбай Әділшайықұлы, мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Кембайұлы, мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, полиция ардагерлері, ауыл әкімдері мен ақсақалдары, сонымен қатар зиялы өкілдерімен білім бөлімінің қызметкерлері, студенттер және қала тұрғындары қатысты.

Форумның ашылуы адам өміріндегі ғасыр дертіне айналған нашақорлықтың азабы мен өз өміріне қараңғылық әкелуі, адасуы, түрлі жағдайларды мысал еткен театрландырылған қойылыммен түрілді. Сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы атқарылған жұмыстар жайында бейнеролик көрсетілді.

Алқалы шарада алғыс сөзді алған қала басшысы ғасыр дертіне айналған нашақорлықты жоюға, ұрпақты сақтандыру жайында баяндама жасап, шараның маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде форумның спикерлері белгілі дінтанушы, коуч, «Балаби қари» құран жаттау орталығында директор Арман Қуанышбаев, Қазақстандық зілтемірші, әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл және психиатр-нарколог дәрігері Әсем Смаиловтар қоғамда белең алып отырған мәселелер жайында сөз қозғап, жастарды бұндай жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Жиын соңында патриоттық әндер шырқалып, жастарға зиянды әрекеттерден аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты Полиция бөлімімен дайындалған шеру мен челлендж көрсетілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ