Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы сабақ өтті

Түркістан қаласы Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында 28 жалпы орта мектебінің 8,9 сынып оқушыларымен кездесті.

Тәртіп сақшылары оқушыларға жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндірді, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін, оның ішінде ата-анасының еріп жүруінсіз түнде үйден тыс жерде болғанына жауапкершілік барын ескертті.

Сонымен қатар мотокөліктермен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, мотоцикл, скутер, мопед жүргізушілеріне жылдамдықты асырмай, жол жүрісі ережесін қатаң сақтауларын ескертті.

Кездесу соңында полиция қызметкерлері оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Ал ұстаздар мен оқушылар тәртіп сақшыларына қызықты әрі пайдалы сабақтары үшін алғыстарын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Төлебиде табиғи шырын шығаратын цех іске қосылады

admin

Жамбыл: балалардың қауіпсіздігі – күн тәртібіндегі басты мәселе

admin

Биыл некелескендер саны 44 пайызға артты

admin