Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ақсақал учаскелік полицейге ақ батасын берді

Түркістан облысының полициясы қашанда жақсылық жаршысы болып, көмек қажет еткен жанның қасынан табылуға асығады.

Мәселен Ордабасы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұртас Изхан түнгі кезекшілігін тапсырып, үйіне қайтып бара жатқан жолда өз аумағына қарасты мекенжайда тұратын 82 жастағы ақсақалдың жалғыз жүргенін байқайды.

Содан сөз қасиеті мен қадірін жете түсінген учаскелік полицей, ақсақалды өз шаңырағына жеткізіп, бата алуды жөн санайды. Өз кезегінде ақсақал полицейдің жанашырлығын жоғары бағалар, ақ батасын беріп, жұмысына сәттілік тілейді.

Түркістан облысының полицейлері жолда қалған тұрғындар, жоғалған балалар, қандай да бір көмекке мұқтаж жандардың жәрдемшісі болып, жанынан табылуды міндет еткен. Мұндағы басты мақсат — халыққа жақын полицей болу!

Сәйкес жаңалықтар

Жер, тұрғын үй мәселелерін шешу жолдарын қарастырды

admin

Жұмыссыз елордалықтар қайда жүгіне алады?

admin

Сауран: сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

admin