Буллинг, кибербуллинг тақырыбында полиция студенттерге түсіндірме жүргізді

Келес аудандық полиция бөлімінің инспекторы Эльмира Есенкулованың ұйымдастыруымен аудандағы N13 Кәсіптік колледжінің студенттеріне «Буллинг, Кибербуллинг» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Басты мақсат – оқушыларға буллинг пен кибербуллинг туралы түсініктеме беру және өзара қарым-қатынаста әдептілікке шақыру. Полиция инспекторы Э.Есенкулова дәрісті «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тренингімен бастап, қатысушыларға жалпы зорлық-зомбылық дегеніміз не? және оның қандай түрлері болатындығы жайлы айтып берді.

Сондай-ақ шарада жергілікті полиция қызметінің ювеналдық тобының инспекторы Тойбек Садырбаев жасөспірімдер арасында қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу профилактикасы бойынша заң талаптарын түсіндіріп, жауапкершіліктері жайлы айтып өтті.

«Отбасын қолдау» орталығының психолог маманы Динара Абдирова жастарға осы күнге дейінгі статистика бойынша буллинг пен кибербуллинг құрбаны болған балалардың саны мен жасы туралы айтып, егер де өздері немесе өзге біреулер осындай жағдайға ұшырап жатса не болмаса білетін болса оған дереу қандай көмек көрсету керек екендігін айтып және кімдерге көмекке жүгіну керектігін түсіндіріп өтті.

Өз кезегінде студенттер аталған жаман әрекетке бармайтындықтарын жеткізіп, білім мен тәрбиені қатар алып жүруге уәде берді.

ПІКІР ЖАЗУ