Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ата заңның құрдастары

Бүгінде Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арасында Ата Заңмен жарыса туған, айбынды Ата заңымыздың құрдастары, тәуелсіз еліміздің жастары — ат жалын тартып, бір-бір шаңырактың тірегі, ұйытқысы болып отыр.

Фотодағы полиция офицерлері Алтымбек Ауесхан, Өмірзақ Дархан және Жаңабай Даурен ауданымыздың тумалары! Туған жердің топырағынан нәр алған жігіттер, өз өмірлерін полиция қызметімен байланыстырып, қызметті сержанттық құрам сапынан бастаған сақшылар болса, Түлкібек Ерсұлтан ҚР ІІМ-нің Академиясын үздіктер қатарында тәмамдап, қазіргі уақытта абыройлы қызмет атқаруда. Бөлімде қызмет етіп жүрген Ата заңымыздың құрдастарының негізгі ұстанымы шындықтың жүзіне тік қарап, тәуелсіз елдің азаматтарының арман-мұраты мен мүддесін адал қорғау.

Полиция аға лейтенанты Алтымбек Ауесханның айтуынша: Полиция қызметкері болу үшін білім де, тәртіп те білек те керек. Сабыр, төзім, қажыр-қайрат қажет. Тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете алатын, ұстамды азаматтар!

Төлеби аудандық полиция бөлімі

Сәйкес жаңалықтар

Want to be more productive? Try skipping the schedule

admin_bainews

Түркістан облысында колонияға жасырын камерасы бар көзілдірік өткізуге тырысты

admin

Түркістан: Шардара ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті

admin