Менің отбасымның портреті
«Отбасы күні» апталығы аясында Қазата ауылында орналасқан “Тұрмыс-1”. ЖОМ 11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің ЖПҚ ЮПТ инспекторлары мен ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны А.Утебаеваның ұйымдастыруымен және психолог мамандардың арнайы қатысуымен өткізілген бұл іс-шарада жастарға отбасын жоспарлау тақырыптарында мағлұматтар беріліп, түрлі пікірлер ортаға салынды.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шара жастарға ой саларлық ауқымда өтті.
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ