ІІМ-де ашық есік күні өтті
Ішкі істер министрлігінде ашық есік күні өтті. Полиция ведомствосында жоғары сынып оқушылары қонақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара жастарға тәртіп сақшыларының жұмысымен жақынырақ танысуға және осы қызметтің ерекшеліктері туралы білуге мүмкіндік берді. Қонақтар алдымен ІІМ мұражайында болды. Онда оқушылар ведомствоның тарихымен, жетістіктерімен танысты.
Сонымен қатар мектеп оқушылары жедел басқару орталығына барды. Астана қаласының көшелері мен қоғамдық орындарындағы қауіпсіздікті қадағалап, тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған заманауи технологияның мүмкіндіктерін көрді.
Айта кету керек, мұнда 102 арнасына келіп түсетін қоңыраулар қабылданады. Криминалистика зертханасына да экскурсия жасалды. Онда қонақтарға қылмыс орнынан тәркіленген айғақтарды талдаудың әдістері көрсетілді. Жасөспірімдерге алғашқы медициналық көмек көрсету және жауынгерлік техникалар бойынша мастер-класс өткізілді. Кинологтар қызметтік иттермен түрлі тәсілдерді көрсетіп, есірткінің зияны туралы ескертті.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-de-ashyq-esik-kuni-otti/?fbclid=IwY2xjawFwt35leHRuA2FlbQIxMQABHT8QkTtRXgHgTgtVIVQNaxSIcKirxFbLspkxJ6lr7ipkM5edq-MNEFCjbQ_aem_vZPry7MyfXhemz2cSK6KIw