Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қайтарымсыз грант аламын деп алаяққа алданып қалды

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен жергілікті әйелді қолға түсірді.

Күдікке ілінген әйел жәбірленушіге кәсіп ашуға арналған жоспар жазып, мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сендірген. Танысының сөзіне сенген тұрғын, оған бір жарым миллион теңге берген. Алайда ақшаны алған күдікті байланыстан қашқан, хабарласқанымен түрлі сылтаулар айтып, тіпті уақыт өткізген. Тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынның осыған ұқсас тағы бір фактісін анықтады.

Жәбірленушілерден алған 2 миллион ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сәйкес жаңалықтар

Кентау: Тіл мерекесіне орай А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы аталып өтті

admin

ШЫМКЕНТ: Алғашқы жартыжылдықта экономиканың базалық секторлары бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етілді

admin

МЕКТЕПТЕРГЕ 1000-НАН АСТАМ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

admin