Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Нашақорлыққа жол жоқ» форумы Бәйдібекте өтті

Түркістан облысы Полиция Департаментінің бастығы М.Қабденовтің нұсқауына сәйкес Бәйдібек аудандық полиция бөлімі мен аудан әкімі аппараты бірлесіп, жастар арасында белең алып отырған нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір сүру салтын ұстануға шақыру мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» форумын өткізді.

Жиын барысында Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Н.Ажибеков өте қажетті мағлұматтармен бөлісіп, жастарды жаманнан жиренуге шақырды.

Өз кезегінде форумға қатысушы жастар қоғамдағы өзекті мәселе болып тұрған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, нашақорлыққа тосқауыл қою бағытында көпшілікпен пікір алмасты.

Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қалаубайға сөз беріліп, жастарға зиянды әрекеттерден аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстану бойынша ақыл-кеңестер мен ғибратты сөздер айтылды.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент: санитарлық шараларға 3 мыңға жуық адам жұмылды

admin

«AMANAT»: Мемлекет басшысы «Ауыл аманаты» мен «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігіне ерекше тоқталды

admin

ШЫМКЕНТ: Несиелік бағытта тұрғын үй 286 азамат өтінім жіберген

admin