Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция Түркістан облысының тұрғынынан марихуана тәркіледі

Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара аясында есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Мақтаарал ауданының тұрғынын ұстады.

Жедел уәкілдер күдікті тұрғынның үйін тінту кезінде сарайынан сіріңке қорабы мен қағаз орамаға салынған есірткіге ұқсас затты тапты. Есірткінің жалпы салмағы шамамен 150 грамм «марихуана» болып шықты.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер браконьерлерден 580 келіге жуық балық тәркіледі

admin

Қарағанды облысының аумағында Қарулы күштердің оқу-жаттығу өтеді

admin

Ордабасы: жылдық жоспарды толығымен орындау қажет

admin