Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Смартфон қолдана алмайтын қойшының атынан несие рәсімдеген

Сайрамдық полицейлер өзгені алдап, атынан онлайн несие рәсімдеген күдікті әйелді қолға түсірді. Жәбірленуші банктен несие бойынша берешек туралы хабарлама келген кезде ғана білген.

Анықталғандай, ол кісі қойшы болып жұмыс атқарған. Смартфонды қалай қолдану керек екенін түсінбей, ауруханада жолыққан бейтаныс әйелден көмек сұраған. Келіншек кейбір қосымшаларды орнату үшін ер адамның жеке куәлігін сұрап, оның атынан мобильді қосымшасы арқылы несиеге сұраныс жіберген.

Мақұлдау алғаннан кейін, ақшаны өзіне аударып 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Ал ірі көлемдегі ақшаны бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдікті әйел ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сәйкес жаңалықтар

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

admin

Түркістан облысында 14 жастағы жүкті болған қызға қатысты тың дерек шықты

admin

Қарағанды облысында қалдықтарды қайта өңдеуге қайда тапсыруға болады

admin