Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Мас халде көлік басқарған ер адам 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Сауран ауданының полицейлері күнделікті қызмет атқару барысында күндізгі уақытта аудан көшелерінің бірінен жүрісі күдікті әрі қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан «Daewoo Matiz» маркалы автокөлік жүргізушісін байқады. Содан полицейлер көліктің артынан жүріп, оны тоқтатқан.

Тексеру кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішіп алғаны байқалды. Қорытындыға сәйкес 58 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйінде көлік жүргізгені расталды.

Қазіргі таңда масаң күйде көлік жүргізген ер адам 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Биыл Түркістан облысындағы 92 елді мекен тұрғындары сапалы интернет желісіне қол жеткізеді

admin

СОЗАҚТЫҚ ТҮЛЕКТЕР МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ

admin

Қаладағы білім ошақтары жаңа оқу жылын бастап кетті

admin