ШЫМКЕНТ: «Shanyraq» орталығында кондитерлік мастер класс өткізілді

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Шаңырақ» отбасы институты көпбалалы аз қамтылған отбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңес беріп, пайдалы іс-шаралар ұйымдастыруды қолға алған.

Атап айтсақ, апта сайын аналарға және олардың балаларына арналған массаж, компьютерлік сауаттылық және т.б. тегін курстар кесте бойынша өткізіп отырады.

Сондай шаралардың бірі  орталықта анасы балаларының жанында болып, өз үйінде отырып кәсібін жүргізу мақсатында  2 сағаттық кондитерлік мастер класс өткізілді. Аталған шеберлік сағатын тәттілер пісіру шебері Жаншуақ Жұратбектің жүргізді.

Мастер класқа қатысқан 10 адамға  тәтті нан пісірудің қыр-сыры туралы кеңінен айтылып, оның барлық қоспаларын қоса отырып, дайындау жолдары көрсетілді.

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» Отбасы  институтын қолдау орталығы көпбалалы аналарға үй жағдайында отырып табыс табу жолдарын үйрету үшін түрлі салалар бойынша бағыт-бағдар беріп жүр.

ПІКІР ЖАЗУ