Полиция қызметкерлері жедел тергеу және алдын алу мәселелерін талқылады

СҚО полицейлері жедел тергеу және алдын алу мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігі, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қоғамдық орындарда және отбасылық тұрмыс саласында қылмыстардың алдын алу — осы және басқа да мәселелерді Солтүстік Қазақстанның құқықтық тәртіп сақшылары полиция департаментінде өткен жедел кеңесте талқылады.

ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың төрағалығымен жедел және тергеу жұмыстары талданды, аумақтық бөлімшелердің бастықтарына тапсырмалар берілді, атап айтқанда — өткен жылдардағы қылмыстарды ашу бойынша жұмысты күшейту бойынша сұрақтар қарастырылды. СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының м.а. баяндамасы ең көлемді болды. Григорий Тыш жол-көлік апаты мәселесіне назар аударды. Жыл басынан бері облыс жолдарында 231 ЖКО тіркеліп, 21 адам қаза тапты. 315 адам жарақат алды. Аумақтық бөлімшелерге ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ 1 қыркүйек қарсаңында оқу орындарының маңындағы көше-жол желісіне бақылау зерттеу жүргізу тапсырылды.

Кеңесте СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Орал Хамзинге ведомствоаралық оқу-жаттығуларға қатысқаны үшін алғыс сөз айтылды. Ескерткіш тақтаны тапсыра отырып, Айдын Қабдұлдинов жалпы оқу-жаттығу қорытындысы бойынша департамент заманауи сын-қатерлерге қарсы тұруға дайындығы үшін жоғары баға алғанын атап өтті.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/sqo-politsejleri-zhedel-tergeu-zhane-aldyn-alu-maselelerin-talqylady/

ПІКІР ЖАЗУ