Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облыстық сотының төрағасы конституция мерекесімен құттықтады

Бүгін Түркістан облыстық сотының кіші залында Түркістан облыстық сотының төрағасы А.Сұлтанов бейнебайланыс қолдану арқылы судьялар мен сот қызметкерлерін 30 тамыз — Конституция күнімен құттықтады.

Мерекелік іс-шараға облысымыздың барлық судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.

А.Сұлтанов мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен әріптестерді шын жүректен құттықтап, 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Конституцияның қабылдануы барлық қазақстандықтар үшін ерекше оқиға болғанына тоқталып, конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналғанын айтты.

“Осы мереке қарсаңында сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға мықты денсаулық, мол бақыт, амандық, Қазақстан Республикасын өркендету жолында толағай табыстар мен жетістіктер тілеймін!” — деді облыстық сот төрағасы.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Мақтааралдық шаруалар озық және су үнемдеу технологияларын меңгеруде

admin

Неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі

admin

Елорданың мәдениет қайраткерлері жаңа Конституция жобасын талқылады

admin