Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының бұрынғы қызметкері, қызмет бабында қайтыс болған Сарбаев Мұхтар Сапарбайұлының кенжесі Нұрсая Сапарбай Мұхтарқызы мектеп табалдырығын алғашқы рет аттап, 1-сыныпқа қабылданды.
Осыған орай, Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ержан Сәбитханұлы бастаған қызметкерлер, 1-қыркүйек білім күні Нұрсая Мұхтарқызын салтанатты түрде мектепке жеткізіп, ерекше көңіл-күй сыйлады.
Сондай-ақ шарада мектеп оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндіруден бөлек олар аға полицейлердің автокөлігімен танысып, естелікке суретке түсті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
