Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Білім күні Отырарлық полицейлер қауіпсіздік сабақтарын өткізді

Түркістан облысы ПД-нің өкілі полиция полковнигі Е.Сенбиев, Отырар аудандық полиция бөлім бастығы Е. Усербаев пен полиция бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі М.Бурибековтың қатысуымен 1-қыркүйек «Білім күніне» арналған іс-шара өтті.

​Аталмыш шарада алдымен оқушылар мен мектеп мұғалімдеріне және ата-аналарға жол жүрісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға жол ережелері тақырыбында сурет салдырды.

​Жалпы аудан көлемінде 42 білім беру мекемесі бар. Аталған мекемелерге 65 қызметкер орналастырылып, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға бөлінді.

Сонымен қатар, сынып сағаттарына ювеналдық полиция қызметкерлері қатысты. Олар балаларға түнде заңды өкілдерсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрмеуді еске салды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары қауіпсіз жүріс-тұрыс жайлы пайдалы кеңестерімен бөлісті. Яғни екінші ауысымда оқитын оқушылар үйлеріне көшенің жарық жанған жағымен бару, бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, бастауыш сыныптың оқушылары ересектерсіз мектептен шығып кетпеу жайлы ескертті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады

admin

Жиналыс барысында жол, инфрақұрылым, құрылыс мәселелері және берілген тапсырмалардың орындалу жайы сараланды

admin

Сайрам: бюджеттің қалай атқарылғандығы қаралды

admin