Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Түркістан облысы: су айдындарында балаларды қараусыз қалдырмау керек

Түркістан облысында биыл жыл басынан бері 58 адам, оның ішінде 31 жасөспірім бала суға кеткен. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында орын алған. Негізгі себептері — балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуы. Бұл туралы брифингте облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді.

«Шомылу маусымы басталғалы бері суға кету фактілерінің басым бөлігі облыс аумағынан өтетін Сырдария, Арыс өзендерінде, каналдар мен суқоймаларда орын алуда. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, су айдындарына жақын орналасқан аймақта тұратын халыққа 100 мыңнан астам түсіндіру жұмыстары жүргізілді»-деп баяндады басқарма басшысы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда 7 балдан асатын жер сілкінісі бола ма

admin

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

admin

Бұрын сотты болған тұрғыннан 2 бірдей қару табылды

admin