Өткен жылы жасалған үш пәтер ұрлығы анықталды
Ақтөбеде полицейлер “Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір жыл бұрын жасалған үш пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полицейлер жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 2023 жылы үш пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталған адам үш пәтердің құлпын бұзып, ішке кіріп, тұрмыстық техника мен зергерлік бұйымдарды ұрлап, таныстарына сатқаны анықталды. Шығын көлемі – 3 млн теңге.
Полицейлер заттай дәлелдемелердің бір бөлігін тәркіледі. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Естеріңізге сала кетейік, 19-21 тамыз аралығында “Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, онда полицейлер 10 пәтер ұрлығын ашты, оның 8-і бұрын жасалған және екі қылмыс “ізі суымай” ашылды.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/aqtobe-politsejleri-otken-zhyly-zhasalghan-ush-pater-urlyghyn-anyqtady/