Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда Жаңа жыл алдында ауа райы күрт өзгереді

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдағы күндері суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басады. Оңтүстңк өңірлерде 30–31 желтоқсанда ауа температурасы 5–15° жетіп, күн күрт жылынады. Ал кей өңірде қар жауып, боран соғуы ықтимал.

30–31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысында жауын-шашын жаңбыр түрінде басталып, кейін қарға ауысады. Ал ҚР оңтүстігінде жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болжанады. Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің екпіні күшейеді. 30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, 30–31 желтоқсанда шығыс өңірлерде ауа температурасы күндіз 2° аяздан 3° жылуға дейін көтеріледі деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде 30–31 желтоқсанда ауа температурасы 5–15° жылуға жетеді, — деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан – Қытай: 1700 шақырымға созылған ортақ шекара бейбіт пен тату көршіліктің символына айналды

admin

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу: қоғамның тұрақтылығы мен бейбітшілігін сақтаудың жаңа қадамдары

admin

Ордабасы аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы Қажымұқан ауыл округінде орналасқан «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативіне барды.

admin