Суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді

Қазіргі жаз маусымында барша тұрғындар үшін судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау айрықша маңызды. Әдетте су – салауатты өмір салтын сақтауға және демалудан мейлінше рахат алуға септігін тигізетін тіршілік нәрі, мейірімді досымыз болғанымен, кейде ол кенеттен келетін жоғары қауіптің көзі де болуы мүмкін.
Осыған орай, аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының және ерікті жастардың бірлесуімен, аудан аумағында, оның ішінде, суға шомылу аймақтарында, өзен-көлдерде тұрғындар арасында суға бату жайттарының алдын алу шаралары жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстарының барысында тұрғындарға қауіпсіздік ережелері көрсетілген жадынама парақшалары таратылды.
Бұдан бөлек, суда тұншығу қаупі туындағанда қандай шұғыл сақтық шараларын қолдануды тәжірибе жүзінде көрсетті.
Жазғы маусымда тұрғындардың тыйым салынған орындарда суға шомылуының алдын алу, суға түсу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау бағытындағы түсіндіру жұмыстары алдағы уакытта да тұрақты түрде жалғасатын табады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі