Құжаттарын заңдастырмаған тұрғынға айыппұл салынды

Қызылордада құжаттарын заңдастырмаған тұрғынға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Осы жылдың шілде айынан бастап, Қызылорда қаласында “Қорғау” жол қозғалысын бақылау жүйесі іске қосылып, жұмыс атқаруда. Аталған жүйенің мүмкіндігімен тамыз айының 20-шы жұлдызында қала аумағында “Аркан”, “Сергек” стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғыларына жылдамдық режимін 11 мәрте бұзып, 221 мың 520 теңге көлемінде айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген 28 жастағы қала тұрғыны анықталды. Аталған құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама ресімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды. Қазіргі таңда салынған айыппұлдарын өндіру жұмыстары жүргізілуде. Айта кететін жайт, автокөліктің міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан, яғни құқық бұзушы жөнінде деректер базасында мәлімет болмауының салдарынан айыппұл жөнінде дер кезінде хабарлауға мүмкіндік болмаған.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qyzylordada-quzhattaryn-zangdastyrmaghan-turghyngha-ajyppul-salyndy/

ПІКІР ЖАЗУ