ШЫМКЕНТ: №2 қалалық ауруханада 53 жасанды тыныс алу аппараты бар

Шымкент қаласының №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде ашылып, жұмыс істеуде. Қазір медицина мекемесінде мамандар ковидке және пневмонияға шалдыққан науқастарды қабылдап жатыр.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 250 төсек-орынға дайындалған инфекциялық стационардың жұмысымен танысып, емдеу мекемесін аралап көрді.

Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді.. Мұнан бөлек, науқастарға оңалту емін жүргізу үшін аурухана базасынан қосымша 100 төсек-орын ашылмақ.

Айта кетейік, ауруханада ашылған инфекциялық стационарда төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар.
Ал медицина мамандары науқастарға қажетті оттегіні аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады.

Шымкент қаласында 40-тан астам вакциналау бекеті жұмыс істейді. Қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.

ПІКІР ЖАЗУ