Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шара өтті

Жетісай аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция лейтенанты М.Мақтабек, «Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық тобының» жетекшісі А.Шойғараевамен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсат-ҚР ІІМ-нің 2024 жылға арналған операциялық жоспарына сәйкес қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасы рөлін нығайту. Осы бағытта аудан көлемінде халықты ана мен баланы қорғауға шақырды.

Сонымен қатар қыз-келіншектерге «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында жаднамалар таратылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Полиция қызметкерлері Білім күні қарсаңында балаларға ұмытылмас мереке сыйлады

admin

Freedom Inside форумы цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіретінін көрсетеді

admin

Азаматтық форум ашық диалог алаңына айналды

admin