Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

5 қабаттағы пәтерде жалғыз қалған бүлдіршінді полиция құтқарып қалды

Кентау қалалық полиция бөлімінің «102» нөміріне жергілікті тұрғын әйел көмек сұрап хабарласты. Оның айтуынша, үйінде 3 жасар қызы есікті ішінен құлттап алып, кіре алмай жатқандығын жеткізді.

Оқиға орнына өзіне бекітілген аумақта жүрген учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатхан дереу келді.

Анықталғандай, анасы қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен. Осы уақытта ойын баласы есіктің кілтін іштен құлыптап алған. Салдарынан анасы пәтерге кіре алмай, бүлдіршін қыз есікті аша алмаған.

Учаскелік полиция инспекторы шұғыл әрекетке көшіп, балкон арқылы кіруге шешім қабылдайды. Полиция қызметкері пәтердің 5 қабатта орналасқанына қарамастан көршісінің балконы арқылы ішке кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады.

Ал балақайдың анасы полиция қызметкеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Қазаннан бастап кімдер медициналық маска тағып жүруге міндеттеледі?

admin

Қыз балаға бірінші кезекте — орамал тағу емес, білім алу парыз

admin

Түркістан: Сайрам ауданында өсірілген банан мен өңделген жеміс өнімдеріне сұраныс артып келеді

admin