Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Түркістан облысының полициясы тұрғындарды 1,2 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полициясы тұрғындарды 1,2 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысының полицейлері алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер азаматты қолға түсірді. Анықталғандай, арызданушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі жалған интернет-дүкен парақшасы арқылы алданған. Яғни әлеуметтік инстаграм желісінде күдікті жігіт үй жиһазын жеткізетіндігін айтып, сенімдеріне кіріп, 4 бірдей тұрғынды алдап үлгерген. Онда жалған парақшасында жиһаз сатып, жеткізіп беретінін хабарлап, тұтынушыдан алдын ала төлем жасауын сұраған. Ал ақшаны алғаннан кейін, сол күйі кері байланысқа шықпаған. Жәбірленушілерге 1,2 млн теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynyng-politsiyasy-turghyndardy-1-2-mln-tenggege-aldaghan-kudiktini-ustady/?fbclid=IwY2xjawE1VfBleHRuA2FlbQIxMQABHXq3qmwpBv5uNycQDJYj3XzMrglqMfx-A7T62hz1SHrmcLxwL3ZEJMP_Og_aem_Eu8cYwvMHdInZjoCTLNnRA

Сәйкес жаңалықтар

Енді той жасағандар да салық төлей ме?

admin

Түркістан: су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр

admin

ШЫМКЕНТ: Апатты деп танылған тұрғын үйлер түбегейлі жаңартылады

admin