Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Енді той жасағандар да салық төлей ме?

 Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір жарияланған теріс ақпараттарға сенбеуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кейбір ақпараттарда деректер бұрмаланған. Мұнда жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, коммерциялық қызметпен айналысатын адамдар туралы сөз болып отыр. Мұндай жүргізушілер, тамадалар, әншілер және басқа да азаматтар салықтық міндеттемелерін жалпы негізде орындайды, бұл салық салудың әділдік қағидатына сәйкес келеді, — деп жауап берді комитет.

Еске салайық, бұған дейін салық төлеуден жалтарған ірі компаниялар анықталғанын жазған едік.

Комитеттің мәліметінше, бұған дейін жүргізілген талдау нәтижесінде 633 салық төлеушіге ескерту жасалған, олардың ішінде 172 құрылыс саласында, 102 сауда секторында және басқа да салаларда жұмыс істейді.

Сәйкес жаңалықтар

Сахарада қар жауды: Әлемдегі ең ыстық шөл әп-сәтте аппақ қарға оранды

admin

Полиция мал ұрлығының 10-нан астам дерегіне қатысы бар адамдар тобын ұстады

admin

Қарағандыда концерт залы қашан салынатыны белгісіз

admin